Түркі басы – түркілердің түб бабасы Абулжа-ханмен байланысты. Түркілердің басталған жері. Қазақтың жері терең тарихқа тұнған, оған көптеген топонимдер (жер атаулары) дәлелдеп отыр. Қазығұрт тауына Нұх пайғамбар кемесі тоқталғанын білеміз. Нұх пайғамбардан үш ұл қалған Сам (Сим), Хам және Йафес (Йафет). Осы Йафет ұлынан түркілер таратылады. Сол Йафет ұрпағының бірі Абулжа хан.
Түркі-қадымша тілінде «кур» сөзі мен «куз» сөзі бір түрлі мағына, яғни «тақ», «хан тағы» деген мағынаны аңғартады. Сондықтан Куртау деген сөзден Хан тағы тау деген мағына шығады. Бұл тау - қазіргі кездегі ОҚО, Жамбыл облыстары аумағындағы Қаратау тауы. Өртау мен Куртаудың бір-бірімен ұштасатын жері қазіргі Түлкібас ауданы, сондай-ақ ол Талас пен Кәрі Сайрам қалаларының аралығында орналасқан. Ол жер қазіргі дәуірде Түлкібас аталғанымен, оның бұрында Түркібас деп аталғандығы жайлы көптеген ауызекі деректер бар. Сондықтан Түркібас деген сөз – сол баяғыдағы түркілердің ең алғашқы ата қонысы болған – жалпы түркілердің