ҚазҰУ-да робототехника саласындағы жаңа серпін: өндірісті цифрландыруға бағытталған орталық ашылды Қазақстан Президенті 2019 жылы «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде: «4.0 индустриясы отандық өнеркәсіпті жаңғыртудың өзекті әрі маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта кәсіпорындарды цифрландыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде технологиялық дамудың қазіргі деңгейінен «ақылды өндіріс» деңгейіне көшу қамтамасыз етілуі тиіс, яғни өндіріс толық автоматтандырылуы және роботтандырылуы қажет», – деп атап өткен еді. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Робототехника және мехатроника бойынша құзыреттер орталығы құрылды. Бұл орталық – заманауи технологияларды меңгеру, өндіріс үдерістерін цифрландыру және роботтандыру арқылы Қазақстандағы индустриялық даму бағытына серпін беруді көздейтін маңызды жоба. Аталған орталықты техникалық жабдықтау барысында Германияның жетекші «KUKA» компан