Бұл тақырып 5 сынып Қазақстан тарихының ІІ тоқсанында өтілетін тақырыптардың бірі. Тақырып өте қызықты. Тақырыптың мақсатының ауқымдылығына байланысты бірнеше сағатқа бөлінген. Сақтар бөлімінің ІІ тоқсандағы ең бір ауқымды бөлігі десек болады. Әрине, тақырыпты өткенде - сабақтың мақсаты ретінде Қазақсандың ғалымдардың жаңалығын, жәдігердің ерекшелігін, тайпалардың дүниетанымын (аң стилін) айтып өтетіндіңіз анық. Бірақ сабақты қалай бастау керек? "Алтын адам" жәдігерінің қиындыларын, суретін таратып, видео көрсетсе болады. Бірақ алдымен "олжа" сөзіне анықтама беріп алу керек сияқты. Қазақ халқында "олжа" сөзі бірнеше мағына береді 1. Жорық барысында қолға түскен игілік 2. Соғыс барысында қолға түскен тұтқындар 3. Ойда жоқта кенеттен пайда болған игілік Сіздер тақырыпты ашу үшін "олжа" түсінігін оқушылардан сұрай отырып, үшінші түсінікке зер салғандарыңыз дұрыс. 1969 жылы Есік қаласындағы "Алтын адам" жәдігері кенеттен табылғанын айтып өткендеріңіз жөн. Кейін археологтар шақырылып, оба