Қазіргі кезде - Жанна д Арктың туғанына 611 жыл толды. Әрине, Жанна д Арк өмірде болмаған дейтіндерде бар. Бірақ Жанна д Арктың өмірде болғандығына шіркеулік қағаздар мен өмір сүрген үйі және туған-туысқандарынан өрбіген ұрпақтар дәлел. Жанна д Арк кім - Жүзжылдық соғыс уақытындағы француз халқының батыр қызы. Жанна д Арктың өмірі - шынайылықпен тылсымдылық бірге араласып кеткен. Кейбір кезде Жанна д Арктың өмірінен тылсымдылықпен шынайылықты ажырату қиындау. Тіпті, әлікүнге Жанна д Арктың өмірін зерттеушілер - көптеген сұрақтарға жауап бере алмайды. Соның бірі Жанна д Арк отбасының әлеуметтік жағдайы, туған жылы. Жорамалдар көп. Осы жорамалдардың көптігіне байланысты - Жанна д Арктың өмірде болғандығына шек келтіретіндер бар. 1337-1453 жж. Англия мен Франция арасында болған 116 жылдық соғыс тарихта - "Жүзжылдық соғыс" деген атпен енген. Соғыстың шығуына Ағылшын және Француз корольдерінің туыстық байланысынан туындаған мұрагерлік мәселе себепші болды. Француз королі Карл VII билікті
Неге әлікүнге француз халқы - Жанна д Аркты ұмытпайды?
20 декабря 202320 дек 2023
10
2 мин