Найти в Дзене

Қайырлы күн !

Жерлестік қатынастар қазіргі уақыттағы шаруашылық тұрмыстық өзара-көмектің қызмет саласы  ретінде. Жер - жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста, біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.Жер кез-келген мемелекеттің тағдырында маңызды роль атқарады. Дәл осы фактор мемлекеттің пайда болып, қызмет етуіне үлкен септігін тигізеді.Мемлекеттің жер факторы тек территорияны ғана айқындамай, сонымен қатар мемлекеттің саяси әрі экономикалық қуатын да айқындайды.Жер жалпы адамзат қоғамы үшін маңызды пайдалы қазбалар нысанындағы зор байлық бар, яғни осы пайдалы қазбаларды игеру барысында, адамдар жер құқықтық қатынастарына түсіп, жер азаматтық айналым үрдісінің топтық объектісі ретінде танылады.Басқаша айтқанда, жер табиғи объект бола тұра , адамдардың шаруашылық ету объектісі де болып табыл

Жерлестік қатынастар қазіргі уақыттағы шаруашылық тұрмыстық өзара-көмектің қызмет саласы  ретінде.

Жер - жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста, біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.Жер кез-келген мемелекеттің тағдырында маңызды роль атқарады. Дәл осы фактор мемлекеттің пайда болып, қызмет етуіне үлкен септігін тигізеді.Мемлекеттің жер факторы тек территорияны ғана айқындамай, сонымен қатар мемлекеттің саяси әрі экономикалық қуатын да айқындайды.Жер жалпы адамзат қоғамы үшін маңызды пайдалы қазбалар нысанындағы зор байлық бар, яғни осы пайдалы қазбаларды игеру барысында, адамдар жер құқықтық қатынастарына түсіп, жер азаматтық айналым үрдісінің топтық объектісі ретінде танылады.Басқаша айтқанда, жер табиғи объект бола тұра , адамдардың шаруашылық ету объектісі де болып табылады, ал бұл өз алдында жердің ерекше заңдық мәртебеге ие болып мемлекет тарапынан реттелетіні де сөзсіз. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі.Адам қоғамының барлық өмірінде, оның калыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер - табиғаттын берген сыйы ретінде адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Бірак, жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқаруы үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі қажет және өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет.

Мемлекетіміздің басты байлығы - оның экономикалық жөне әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалык құрылысты реформалау процесі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы аркылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумактық кеңістіктің негізі және манызды табиғи объект ретінде жердін басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының акылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналым¬ның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.Қазіргі кезде жердің экономикалық маныздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметінің және өмірінін негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер қоршаған ортанын ажырамас бөлігі, табиғи ресурс.Жер құқығының өзіне тән қағидаларының болуы.Қазіргі танда жер құқығың бірнеше мағынада түсінуге болады. Олар: жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде.

Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - көптеген ғылыми теориялардын, тұжырымдардың ой-пікірлердің жөне әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардын мақсаты - ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі карай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын кұкықтық реттеудегі ақтаңдактарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы зандардын өзара карама-кайшылыктарын жою болып табылады.Жер саласындағы қазіргі күнгі отандық ғалымдар - Б.Ж. Әбдірайымов, Д.Л. Байдельдинов, Ә.С. Стамкұлов, А.Е. Бектұрғанов, А.Х. Хаджиев, Л.К- Еркінбаева, Г.Т. Айғаринова т.б.Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

Орындаған:Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әлеуметтік жұмыс мамандығының 3- курс студенті Бекарыс Арайлым .

Жетекшісі : Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әлеуметтік жұмыс мамандығының аға оқытушысы Авсыдыкова Құралай.

Казахский национальный университет им. аль-Фараби