Өндірістік байланыстар қазақстардағы қазіргі уақыттағы шаруашылық тұрмыстық өзара-көмектің қызмет саласы ретінде Өндірістік байланыстар – өндірістік бірлестіктердің және олардың бөлімшелерінің арасындағы, сондай-ақ материалдық өндірістің әр түрлі салаларының кәсіпорындары топтары мен бірлестіктері арасындағы әр дәрежедегі аумақтық бірліктердің (әкімшілік-аумақтық, экономикалық ауданның, елдердің, ірі аймақтардың және т.б.) шекаралары ішіндегі кеңістіктік қатынастар; экономикалық байланыстардың маңызды құрамдас бөлігі. Өндірістік-аумақтық байланыстар еңбектің географиялық бөлінісінің дамуы барысында қалыптасады. Өндіріс — бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қ