Найти в Дзене

Иммунитет түрлері

Оглавление

Біз білетіндей, имунитет құбылысын лейкоциттердің алуан түрлері қамтамасыз етеді.

Мысалы:Т-лимфоциттер қоздырушыларды "танитын" және "есте сақтайтын" иммунитетті жүзеге асырады,ал В-лимфоциттер арнайы нәруыздарды-антиденелерді жасайды.Бұл-жасушалық имунитет.Бірақ имунитет тек жасушалық ғана емес,табиғи және жасанды болады.

Оларды біз қазір қарастырайық.

Табиғи иммунитет

Антиденелер
Антиденелер

Табиғи иммунитеттің екі түрі бар:

  • Туа пайда болған

Бұл-адамдар ауырмайтын аурулар иммунитеті.Мысалы біз туа біткен иммунитет арқасында ит обасымен,мысық сүзегімен ауырмаймыз.Себебі бізде туғаннан бері генімізде арнайы нәруыздар-антиденелер болады.

  • Жүре пайда болған

Белгілі бір аурумен ауырған соң қалыптасады.Мысалы,желшешекпен (ветрянка)ауырған адам онымен екінші рет ауырмайды.Себебі,В-лимфоциттер ауру қоздырғыштарын "есте сақтап",оған қарсы антиденелерді синтездейді.

Жасанды иммунитет

Вакцина
Вакцина

Жасанды иммунитет те екіге бөлінеді:

  • Белсенді имунитет

Вакцина арқылы пайда болады.Вакцина-әлсіздірілген ауру қоздырғышы.Вакцина енгізген соң, иммундық жасушалар оларға қарсы антиденелер жасайды.Жаңағы механизм жүре пайда болған механизміне ұқсас.

  • Енжар имунитет

Емдік сарысу арқылы пайда болады.Бұл дайын антиденелерді енгізілуі.Сарысу антиденелер аз уақыт әсер етеді.

Емдік сарысу мен вакцинаның рөлі өте зор.Олардың арқасында,адамзат әртүрлі жұқпаларға қарсы күресеалатын болды.