Иә, қыз баласын гүлге теңеу бекер емес. Әсілі қазақ халқы қызды төрге шығарып, басынан сипап еркелете ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі кішкентай бал қыз - ертеңгі бір отаудың түтінін түтетер отанасы. Осы тұста «әйел қырық шырақты» деп текке айтпаса екен. Балақай қыз, биязы бойжеткен, ардақты келін, аяулы ана, ақ жаулықты әже. Байқасақ, әйел затының өмірлік керуен ұзақ әрі мағыналы, мәнді. Айтылғандардың біріне қарамастан әйел затына өзге көзқараспен қарайтын жандардың әңгімесін естігенде ызадан кеудем кернейді. Олай деуімнің себебі, бүгінде өз айналамда анасын балағаттайтын ұл-қызды көруім, «қыз босансаң, керек емес» деген әкені көруім, әйелін жұдырықпен бағындырған кейеуді көруім... Айта берсең, жағың да талады, жаныңа да батады. Меніңше, бұл іс-әрекеттер мүлдем жан баласына жат. Тіпті, ойлауға болмайтын дүниелер дер едім. Қандай жағдай болмасын, неге мәселеге жақсы жағынан қарамасқа? Анаға деген құрмет өзгесіне қарағанда дайым биік болуы тиіс емес пе? Ана - Алланың қазынасы. Оған