Өз кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын», - деп әдемі теңеумен дөп айтқан екен. ⠀ Сол секілді өмірімнің түрлі кезеңінде өзімнің тарапыма сөгіс, басқаша айтсам сырттымнан айтылатын жағымсыз әңгімелер легін естіп жатамын яки естіп те келемін. Бәлкім, бұл нәрсе бәрінің басында бар шығар. Десе де өзім аталмыш дүниеге салғырт қарай алмаймын. Артынан көп ойланып, уайымдап, себебін іздейтінім бар. Кейде ашуға қатты берілетін кездерім де болады. Менің не ішіп-жеп, не кигенімнен бастап не істеп, кіммен, қалай жүргеніме дейін талқыға салған қаншалықты қызықты екен. Оның арасында мен туралы ой-пікірлерін біреу арқылы маған жеткізетіндер де жоқ емес. Неге артымнан ащы тілмен пышақ сұқпай, өзіме келіп айтпасқа?! Ия, бірақ біз күнәһар пенделер анық - қанығына жетпей, білместен біреуді датта