Шынайы оқиғалар негізінде түсірілген фильмдер көптен бері кинематографта өзіндік орынға ие және әрдайым көрермен тарапынан қызығушылық тудыратыны анық. Бүгін сіздер үшін тағдырға қарсы шыққан жандар мен олардың түрлі жағдайлармен күресіне арналған он фильмді таңдап алдық. «Арго» операциясы» Бен Аффлектің режиссерлік дебюті Иран көтерілісінің қызған шағында Тегерандағы америкалық дипломаттарды құтқаруға бағытталған арнайы операция хикасын баяндайды. Исламшылдар АҚШ елшілігін күштеп жаулап алған кезде, алты американдық қашып кетіп, канадалық елшілікке жасырынып үлгереді. Иранда олардың аман қалуы екіталай, сондықтан, бұл жағдайдан шығар жалғыз жол – дипломаттарды елден әкетуге қатысты құрылған қауіпті жоспар. «Арго»операциясының жетекшісі ОББ (ЦРУ) маманы Тони Мендес ерекше нұсқа ойлап табады. Картинаның тарихи шынайылығы бірқатар талас тудырған, тіпті фильмді Иранда көрсетуге тыйым салынды. «Мюнхен» Стивен Спилбергтің «Мюнхен» драмасы Олимпиада ойындары тарихындағы ең қайғылы оқиға – 1