P.S. Я люблю тебя Сесилия Ахерннің осы аттас романының желісі бойынша Ричард Лагравенездің түсірген фильмі көрерменді бір жарым сағат бойы жылатады.Актерлер Хилари Суонк пен өте тартымды Джерард Батлердің ойынынан ләззат аласың. Өкінішке орай, ажал айтып келмейді. Джерри мен Холли де басқа отбаслық жұптар секілді ұрсысып қалады, бір-біріне өкпелейді, бірақ ешқашан біріне бірі жақсы көрмеймін деген сөзі айтқан емес. Олар бірге қартайып, о дүниеге де бірге барамыз деп ойлайтын, бірақ тағдыр оларға бір болуды жазбады. Джерри науқас, жақында сүйіктісін жалғыз қалдырып кете бармақ. Өлер алдында ол сүйіктісі Холлиге арнап 7 хат қалдырады, бұл хаттар Холлидің күйзелістен шығуына көмектеседі, ары қарай өмір сүруге үйретеді. Әр хатта қарапайым ғана фраза жазылған «P.S. Мен сені сүйемін». «Өзге жанға ғашық болудан қорықпа, өзіңді сүйетін жан саған белгі бергенше күт, сонда ғана өткен өміріңнен асылтай аласың! P.S. Мен сені өмір бойы сүйіп өтемін!». Спеши любить Картина атақты жазушы Николас Спар