2022 жылы отандық кинематография саласы үздік туындылармен толықты. Олардың бірқатары елімізде ғана емес, көрші елдерде де топ жарды. Дос-Мұқасан – аты аңызға айналған ансамблдің 55 жылдығына арналған көркем туынды. «Дос-Мұқасан» – рок пен дәстүрлі ән жанрын бір арнаға тоғыстырып, қазақ эстрадасына жаңа леп әкелді. Қазақ өнерін алғашқылардың бірі болып мұхит асып, Америкаға таныстырған тұңғыш аспапты ансамбль болды. Фильм ансамбль мүшелерінің достығы туралы оқиғаны баяндайды. Режиссері – Айдын Сахаман. Туындының түсірілімі алғашқыда ансамблдің 50 жылдық мерейтойына арналып жоспарланған. Дегенмен, қазақстандықтар асыға күткен фильм қыркүйек айында еліміздің барлық кинотеатрларында көрерменге жол тартты. Түсірілім жұмыстары 1,5 жыл уақытқа созылған. Туынды отандық фильмдердің кассалық жинағында рекордтық көрсеткіш орнатып, ең көп қаралым мен қаржы жинады. Қаш – 1930 жылдардағы ашаршылық кезеңінен өрбіген оқиға желісін қамтитын тарихи туынды. Басты кейіпкер мола қазушы Исатайдың ішкі