Анджелина Джоли есімі кино тарихына алтын әріппен жазылатын ат қана емес. Ол ең алдымен мықты әйел. Алты баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана 21 ғасырдың сұлулық символы ретінде мойындалған.
Анджелина алты баланың анасы. Оның үшеуін өзі дүниеге әкелген. Ал үшеуін асырап алған. Баланы дүниеге әкелген соң, әдетте әйелдер сұлу мүсінінен айырылып қалып жатады. Анджелинаның сымбатын пилатес пен йога сақтап қалған екен. Темекі шекпеу, ішпеу, имбирь шәйін үздіксіз тұтыну – Анджелинаның басты қағидаларының бірі. Актриса макияждың табиғи көрінуін басты назарда ұстайды. Ернін ашық түспен бояса, еңлік жақпайды. Боянар алдында Джоли бетіне ылғалдандыратын крем жағып, 10-15 минутқа қалдырады. Күннен қорғайтын қасиеті бар тоналды крем жағып барып, сүрмемен қасын сызады. Анджелина Джоли көбіне күнделікті өмірде киюге болатын қарапайым әрі кербездік беретін киімді таңдайды. Одан бөлек, актриса кедейлік көрген балаларға көмек қолын белсенді түрде созып, қайырымдылықпен айналысып жүрген әйел. Жаны да, тәні де сұлу Анджелинаны бұл мақтауға тұрарлық істері одан әрі тартымды қыла түседі.