Уинфри ханым өзін мойындатқан, мықтылығын дәлелдей алған тележүргізуші, режиссер, білімді, тілге шешен адам. Опра туылғанда анасы 15 жаста болған екен. Опра бақытсыз балалық шақты өткізген. Туысқан ағасының достары кішкентай Опраға көп тиіскен. 9 жасынан бастап сексуалды қысым көрген. 14 жаста болғанда бала көтеріп кояды. Зорланған Опра бала туады. Бірақ ұл бала шетінеп кетеді. Осыдан соң Опра өмір бойы сәби сүйе алмады. Одан кейін Опраның өмірінде наркотик, кокаинге кұмарлық басталды. Әжесі мен мамасы қыздың тәрбиесіне шамалары жетпей, әкесіне тапсырады. 17 жасынан бастап тележүргізуші түрлі конкурстарға қатысады, ТВ-да стажировкада жүреді. Сөзге шешендігінің, үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүретінінін арқасында көзге түсе бастайды. Опра Уинфри өмірде зорлық- зомбылық көрген қыздарға арналған академия ашты. Сонда тәрбиеленіп жатқан қыздардың бәріне аналық, мейірімін беруге тырысып жүр. Қара нәсілді қыздардың білім алуына көп қаржы аударады. CBS телеарнасында жас корреспондент бола жүр