Шерхан Мұртаза – ұлтымыздың рухани дамуына, әдебиетіміздің өркендеуіне өміршең шығармаларымен үлес қосқан көрнекті халық жазушысы. Оның шығармашылығынан заман үрдісін, уақыт тынысын, халық тағдырын, еліміз бастан кешірген қилы-қилы кезеңдер келбетін, белгілі тарихи тұлғалардың азаматтық бет-бейнесін терең тани түсеміз. Жазушы өзі өмір сүрген кезеңнің, өткен дәуір сипатын айшықты суреттермен көркем бейнелеп отырды. Сол арқылы әр дәуірдің өзіне лайық характерін жасап, кейіпкерлерін сомдады. Өмір өзегінен тамыр тарту, замана келбетін бедерлі бейнелеу жазушы шығармаларының табиғатына кіріккен қасиет болып табылады. Қаламгердің «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» роман-хамсасының автор шығармашылығынан алатын орны айрықша. Бұл – ұлттың рухын түлеткен шығарма. «Оян, Тұрар!» деп басталатын «Қызыл жебе» жалынды үнмен «Оян, қоғам!» деп тұрғандай көрінеді. Бұл шығарма – ұзақ жылғы шығармашылық толғаныстан, ұдайы ізденіс, зерттеуден туған табанды еңбектің жемісі. Бұл роман-трилог
«Қызыл жебе» романының тақырыбы мен идеясы
16 октября 202316 окт 2023
5
2 мин