1789 жылы Францияда басталған ұлы француз революциясы буржуазиялық ерекшеліктерді орнықтыру үшін 3 кезеңді басынан өткізді. Осы кезеңдерге бірнеше саяси топтар тіпті адамдардың шоғыры өз талаптарын алдыға шығарып, саяси өзгерістерді жетелдетуге әсер етті. Әрине бұл топтардың ішінде Парламентте (Конвентте) өз құрамы бар саяси топтар - мейлінше құқықтық тұрғыда әсер етсе, кейбір саяси түрде ұйымдаспаған азаматтардың ортақ мақсаты төңірегіне топтасқан адамдарда радикалдық талаптарды алдыға тартты. Осы радикалдық топтардың негізін қала кедейлерімен ауыл бұқарасынан құралған адамдар қалады. Бұл топтың идеологиялық негізін халық бұқарасының ортасында жүрген шіркеу қызметкері(Жак Ру), журналист(Теофиль Леклерк), пошта қызметкері (Жан-Франсуа Варде) және феминистка театр актрисасы (Клер Лакомб) құрады. "Құтырғандар" деп аталған радикалдық топтың басында тұрған бұл төртеуі бастапқыда Якобиншілердің қатарында болып, бұқаралық халықты жаңа революциялық өкіметтің жағына шығарушылардың қатарында та
Ұлы француз революциясы барысындағы "құтырғандар" деген кімдер?
2 октября 20232 окт 2023
9
2 мин