Найти в Дзене

Ажалдың емі. Сина жайлы аңыз.

Тұран деген түркілердің даласы,
Амуменен Сырдария арасы,
Дүние есігін ашқан еді осында
Ибн-Сина -шығыстың ғұламасы.
Жастайынан сусындады іліммен,
Болар бала болмысынан білінген.
Кітап болды жан серігі шынайы
Оқып жатып түнде көзі ілінген.
Ем іздеді мына әлемнен шарқ ұрып,
Қиналғанға мазаланып ,ах ұрып.
Адамзаттың амандығын тіледі
Денге саулық болды басты тақырып.
Дерт қаумалап бүкіл дүние тарылып,
Тек Синаға жетеледі бар үміт.
Сонда Хакім медет болды, күш болды
Адамдарға шипа іздеген тарығып.
Емдеді ол күндіз демей,түн демей,
Күндіз күлкі, түнде ұйқы білмегей,
Ақсағанды, қақсағанды емдеді
Жауызды да, сараңды да күндемей.
Соқырға да көздің нұрын сыйлады,
Тау -тастардан дәрілік шөп жинады.
Барлық дерттің емін тапты, бірақ та
,,Ажал,,атты зұлым оны қинады.
Сұм ажалға емдік дәрі іздеді,
Сабылды кеп, үмітін еш үзбеді.
Жалықпады, күн қуалап ай өтті
Ай қуалап өтті жылдар тізбегі.
Тоқтатпайтын адамзаттың жүрегін,
Жасытпайтын жастық шақтың реңін,
Жан сыйлайтын адамзатқа мәңгілік
Сұм ажал

Тұран деген түркілердің даласы,
Амуменен Сырдария арасы,
Дүние есігін ашқан еді осында
Ибн-Сина -шығыстың ғұламасы.


Жастайынан сусындады іліммен,
Болар бала болмысынан білінген.
Кітап болды жан серігі шынайы
Оқып жатып түнде көзі ілінген.


Ем іздеді мына әлемнен шарқ ұрып,
Қиналғанға мазаланып ,ах ұрып.
Адамзаттың амандығын тіледі
Денге саулық болды басты тақырып.


Дерт қаумалап бүкіл дүние тарылып,
Тек Синаға жетеледі бар үміт.
Сонда Хакім медет болды, күш болды
Адамдарға шипа іздеген тарығып.


Емдеді ол күндіз демей,түн демей,
Күндіз күлкі, түнде ұйқы білмегей,
Ақсағанды, қақсағанды емдеді
Жауызды да, сараңды да күндемей.


Соқырға да көздің нұрын сыйлады,
Тау -тастардан дәрілік шөп жинады.
Барлық дерттің емін тапты, бірақ та
,,Ажал,,атты зұлым оны қинады.


Сұм ажалға емдік дәрі іздеді,
Сабылды кеп, үмітін еш үзбеді.
Жалықпады, күн қуалап ай өтті
Ай қуалап өтті жылдар тізбегі.


Тоқтатпайтын адамзаттың жүрегін,
Жасытпайтын жастық шақтың реңін,
Жан сыйлайтын адамзатқа мәңгілік
Сұм ажалдың тапқан еді бір емін.


— Міне ғажап! Ғажап- деді қайталай,
Әй шәкіртім, сөреге қой, шайқамай,
Деді дағы сұйықтықты ұсынды
Ал, шәкірті төгіп алды байқамай.


Сол сұйықтық ажырыққа төгілді,
Осылайша асқақ арман сөгілді.
Асыл дәрі адамзатқа бұйырмай
Әлгі шөпке сыйлар мәңгі өмірді.


Ол шәкіртін түсінуге тырысты,
Жорыды да жақсылыққа бұл істі.
Енді әлгі сұйықтықтың қуатын
Дәлелдеуге білек түріп кірісті.
Өсімдікті шауып алып таптады,


Кейін оны қырық жыл сусыз қақтады,
Қырық жыл бойы күннің көзін көрсетпей
Дәл қырық жыл қараңғыда сақтады.
Содан кейін топыраққа салған -ды


Әлгі өсімдік жайқалып бір жанданды.
Қырық жыл бойы сусыз, нәрсіз жатса да
Неге өлмеген деп басқалар таңданды.
Ибн Сина ұлы Хакім дара атты


Осылайша мәңгілік ем жаратты.
Дегенменен атышулы дәріні
Соңынан ол қалдырмауға санапты.
Шәкіртіне былай деді толғанып,


Жетелейді Адамзатты алға үміт.
Өмірі қысқа боғанымен адамның
Ұрпағымен тұрар мәңгі жалғанып.
,,Өмір — өлім,,-бұл қағида заңдылық.


Адам деген өмір сүрмес мәңгілік.
Әрбір адам тәрбиелі тәні сау
Кету керек асыл ұрпақ қалдырып..!


Сұлухан Мыңбаева.

-2

-3