Найти в Дзене
Rok Tolqyn

Help! Пол Маккартнидің жоғалған бас гитарасын жаһандық іздеу баcталды

Электр гитара өндірушісі Карл Хофнер Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасын табу үшін халықаралық жобаны бастады.
«The Lost Bass» ("Жоғалған бас") деп аталатын жобаны Ник Васс басқарды. Ол 12 жыл бойы Карл Хофнер фирмасында маркетинг менеджері және электргитара әзірлеушісі болып істеген. Сондай-ақ, онымен бірге жобаға журналист Скот Джонс және телепродюсер Наоми Джонс қатысады.
«Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасы - оқиғаның жетіспейтін бөлігі. Бұл гитара 1960 жылдардың басында The Beatles жасаған керемет өзгерістердің, мәдени және әлеуметтік революцияның символы»,-деп атап өтті Наоми Джонс.
Маккартни 1961 жылы Хамбургте шамамен 30 фунт стерлингке Hofner Violin Bass 500/1 сатып алды. Қазір бұл құрал шамамен он миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін, деп жазады The Daily Mail. Ол бас-гитарамен The Beatles-тің алғашқы екі альбомын жазды.
«Сол аспаппен не болғанын ешкім білмейді, ұрланған да болуы мүмкін. Бұл әлі күнге дейін бәрімізге жұмбақ. Бірақ бір жерде біреуі оған не болғанын
Фото: Popperfoto via Getty Images The Beatles Нью-Йоркта (8 ақпан 1964)
Фото: Popperfoto via Getty Images The Beatles Нью-Йоркта (8 ақпан 1964)

Электр гитара өндірушісі Карл Хофнер Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасын табу үшін халықаралық жобаны бастады.

«The Lost Bass» ("Жоғалған бас") деп аталатын жобаны Ник Васс басқарды. Ол 12 жыл бойы Карл Хофнер фирмасында маркетинг менеджері және электргитара әзірлеушісі болып істеген. Сондай-ақ, онымен бірге жобаға журналист Скот Джонс және телепродюсер Наоми Джонс қатысады.

«Пол Маккартнидің жоғалған бас-гитарасы - оқиғаның жетіспейтін бөлігі. Бұл гитара 1960 жылдардың басында The Beatles жасаған керемет өзгерістердің, мәдени және әлеуметтік революцияның символы»,-деп атап өтті Наоми Джонс.

Маккартни 1961 жылы Хамбургте шамамен 30 фунт стерлингке Hofner Violin Bass 500/1 сатып алды. Қазір бұл құрал шамамен он миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін, деп
жазады The Daily Mail. Ол бас-гитарамен The Beatles-тің алғашқы екі альбомын жазды.

«Сол аспаппен не болғанын ешкім білмейді, ұрланған да болуы мүмкін. Бұл әлі күнге дейін бәрімізге жұмбақ. Бірақ бір жерде біреуі оған не болғанын және оның қазір қайда екенін біледі. Ол қайда екенін білетін адам бөліскісі келсе, бұл ақпарат қолжетімді болуы мүмкін», — деді Ник Васс.

Бас гитара соңғы рет 1969 жылдың қаңтарында, "төбедегі концерттің" алдында, The Beatles-тің соңғы көпшілік алдында өнер көрсеткен кезде көрінді. 1970 жылы топ жұмысын тоқтатқан болатын.

Жобаның веб-сайтында аспаптың жоғалып кеткенге дейін қайда және қашан болғандығы туралы барлық белгілі мәліметтер, сондай-ақ Маккартнидің бас-гитараның белгілері жарияланған.

TracingTheBass on X