Найти в Дзене
Rok Tolqyn

«California Dreamin'» әннің тарихы

«California Dreamin'» әні ностальгияның арқасында пайда болғанын білесіз бе? Бұл тамаша шығарма бір дәуірдің әнұранына айналған еді. 1963 жылдың қыстың күні жас жұбайлар Мишель мен Джон Филипс Калифорниядағы демалыстан кейін Нью-Йоркке оралған болатын. Мишель шауқты Калифорнияда туып өскен, сондықтан Нью-Йорктің қысы оған жақпады. Джон әйелінің мұңын сезіп, бір түнде "Эрл" қонақүйінде болған кезде әннің бірінші шумағын жазды. «California Dreamin'» мағынасы Джон мен Мишельдің сүйікті Калифорнияға сағыныш сезімдері туралы айтады. Ол кезде Джон мен Мишель The New Journeymen тобының мүшелері болған, ал жаңа жақылған ән туралы авторлар екі жылға ұмытып кетті. 1965 жылы The Mamas & the Papas құрылғаннан кейін «California Dreamin'» сингл ретінде шығарылып үлкен хитке айналды. Топ мүшелерінің айтуынша, бірінші сынақта продюсер Лу Адлер бұл әнді ұнатып, оны әлемдік хитке жететіні айтты. Өкінішке орай, топтың өмірі өте жарқын болғанымен, өте қысқа болып шықты. 1968 жылы The Mamas & the Papas тар
Фото: Michael Ochs Archives/Getty Images
Фото: Michael Ochs Archives/Getty Images

«California Dreamin'» әні ностальгияның арқасында пайда болғанын білесіз бе? Бұл тамаша шығарма бір дәуірдің әнұранына айналған еді.

1963 жылдың қыстың күні жас жұбайлар Мишель мен Джон Филипс Калифорниядағы демалыстан кейін Нью-Йоркке оралған болатын. Мишель шауқты Калифорнияда туып өскен, сондықтан Нью-Йорктің қысы оған жақпады. Джон әйелінің мұңын сезіп, бір түнде "Эрл" қонақүйінде болған кезде әннің бірінші шумағын жазды.

«California Dreamin'» мағынасы Джон мен Мишельдің сүйікті Калифорнияға сағыныш сезімдері туралы айтады. Ол кезде Джон мен Мишель The New Journeymen тобының мүшелері болған, ал жаңа жақылған ән туралы авторлар екі жылға ұмытып кетті. 1965 жылы The Mamas & the Papas құрылғаннан кейін «California Dreamin'» сингл ретінде шығарылып үлкен хитке айналды. Топ мүшелерінің айтуынша, бірінші сынақта продюсер Лу Адлер бұл әнді ұнатып, оны әлемдік хитке жететіні айтты.

Өкінішке орай, топтың өмірі өте жарқын болғанымен, өте қысқа болып шықты. 1968 жылы The Mamas & the Papas тарады, бірақ «California Dreamin'» жазбаның өмірі жалғасуда - ол әлі күнге дейін әлемдегі ең танымал әндердің бірі болып табылады.

Каверлер

Бір қызығы «California Dreamin'» орыс тілінде де нұсқасы бар. Оны жазып шығарған Мумий Тролль тобы. Қалай шыққаны өзіңіз байқап көріңіз.

Ал ең танымал кавер The Beach Boys тобы жариялаған.