ХІІІ ғасырда Моңғолия даласында нақты айтсақ 1206 жылы барша көшпелі тайпаларды бір мемлекетке біріктірген Темуджин (Шыңғыс ханды) қазаққып шығарғысы келетіндігі өз алдына бір топ. Бәлкім оларға импералистік сана тіпті осы біздің халықтан әлемдік тарихқа әсер ете алған тұлғалар шықпаған ба-деген сұрақ мазалағаны анық. Оларға Әбу Насыр әл-Фараби жетпейтін сияқты. Жә, қойшы әйтеуір жиналып алып, Шыңғыс ханды қазаққып шығарғысы келеді. Ол моңғол. Бірақ Қазақ халқына, Қазақ мемлекеттілігіне, Қазақ тарихына қатыстылығы бар. Қалай десеңіздер - Қазақ хандары өзінің шығу тегін Шыңғыс ханнан таратады. Иә, қазақ хандары Шыңғыс ханның ұрпағы болса - онда Шыңғыс ханда қазақғой деуіңіз мүмкін. Бірақ ол қате тұжырым. Біріншіден: Шыңғыс хан - ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген, ал Қазақ хандығы XV ғасырда өмір сүрген. Екіншіден Шыңғыс ханның балалары ХІІІ ғасырда Қазақ даласына келіп, жерсініп 200 жылда жергілікті халықты мәдени, саяси, генеологиялық байланысқа түсіп жерсініп мұсылман дінін қабылдап, атын