Найти в Дзене
Rok Tolqyn

Юрий Шевчук - "Волки в тире" еңбегіне шолу

«Волки в тире» - бұл Юрий Шевчуктың және шетелдік агенті атағын алған Земфираның гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірігіп жазылған жеке альбомы. Жаңа материалмен музыканттар 2022 жылдың жазыда жұмыс істеп бастаған. Дискіні тоғыз ән құрды, олардың екеуі - «Родина, вернись домой» мен «Похороны войны» - сингл ретінде біршама уақыт бұрын шыққан болатын. «ДДТ тобының жағдайы жақсы, бірақ кейде басқа дыбыс, басқа әуен, басқа музыканттармен жұмыс істеуді, жаңа интонацияларды табуды қалаймын (әріптестер мені түсінер) - деп айтады ДДТ тобының көшбасшысы. - Міне, осы жолы да дәл солай болды. Жаңа материал Дмитрий Емельянов екеумізді өзі тапқан сияқты.
Альбомға кірген әндер 2022‒2023 жылдары жазылған. Жұмыстың басынан бастап біз Димамен музыкамыз 70-ші жылдар стиліне, аналогтық дыбысына ұқсас шығарыумыз келетіні туралы келістік. Бізді сол кездегі рок-музыканың өркендеуін жақсы көретініміз біріктірді. - деді Юрий Шевчук». Биыл ақпан айында, альбом енді аяқталған кезде, музыканттар бұл жазбалар бір қар
Фото: Planeta.ru
Фото: Planeta.ru

«Волки в тире» - бұл Юрий Шевчуктың және шетелдік агенті атағын алған Земфираның гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірігіп жазылған жеке альбомы.

Жаңа материалмен музыканттар 2022 жылдың жазыда жұмыс істеп бастаған. Дискіні тоғыз ән құрды, олардың екеуі - «Родина, вернись домой» мен «Похороны войны» - сингл ретінде біршама уақыт бұрын шыққан болатын.

«ДДТ тобының жағдайы жақсы, бірақ кейде басқа дыбыс, басқа әуен, басқа музыканттармен жұмыс істеуді, жаңа интонацияларды табуды қалаймын (әріптестер мені түсінер) - деп айтады ДДТ тобының көшбасшысы. - Міне, осы жолы да дәл солай болды.
Жаңа материал Дмитрий Емельянов екеумізді өзі тапқан сияқты.
Альбомға кірген әндер 2022‒2023 жылдары жазылған. Жұмыстың басынан бастап біз Димамен музыкамыз 70-ші жылдар стиліне, аналогтық дыбысына ұқсас шығарыумыз келетіні туралы келістік. Бізді сол кездегі рок-музыканың өркендеуін жақсы көретініміз біріктірді. - деді Юрий Шевчук».

Биыл ақпан айында, альбом енді аяқталған кезде, музыканттар бұл жазбалар бір қарапайым адамға арналғанын айтты, тіпті биліктің сөздерін тыңдамай өз пікірі бар адамға. «Мен әлі өлген жоқпын, құбыршектерім жанып жатыр», - деп бізге айтып жатқандай автор. Ал қазір өз пікірін айту Ресейде өте қиын, сондықтан көп адамдар үндемеуді жөн көреді. Үнсіздік Шевчук туралы емес. Есіңізде ме, мәдениет қайраткерлер Кремльде жиналып Путинмен сұхбаттасқанда, бір дастархан басында отырғанда «Юра-музыкант» президентке ыңғайсыз сұрақтарды қойған. Егер ұмытып қалсаңыз, тағы бір көріңіз.

Юрий Юлианович - өз Отанының нағыз патриоты. Бұл патриотизм - постерлік патриотизм емес. Оның жүрегі Отан үшін аурады: «Ауыл қирады. Днепр өзенінен Рязань ішеді» - қысқаша және дәл айтқан. «Гүлдестеден таң атты. Сары балшықта тесік» - заманның мұңды таңбалары. «Мемлекетте тік тұр. Әйелдер түнде айқайлап жатыр», - деп бізді таң қалдырған Юра ағайдың қатты сөздері, бірақ қазіргі есалаңдықтың суреті дәл сондай шығар. «Родина, вернись домой» айдалада жылаған жалғыз дауысы сияқты, бірақ тасты су тоздыратыны біз білеміз.

«Волки в тире» альбомындағы екінші басты ән. Бұл тректегі қасқырлар Высоцкийдің қасқырларына тәрізді, бірақ Шевчуктың аңдары тирдағы қаңылтыр нысана. «Танцы» тыңдаған кезде көз алдымызда тамтам соғып имптар, жындар, шайтандар және басқа құбыжықтарды елестетеміз. Содан кейінгі композиция «Надежда» - «үміт ауырып өлген, жынды болмас үшін өлген». Ал «Дрон» әні үшін авторға жеке алғыс – қайырмасы үлгіден тыс, Юрий Шевчуктың президенттің бөксесі туралы сөзінен кем емес. Өзіңіз тыңдап көріңіз.

Келесі үш ән махаббатқа арналған. Солардың бірі – «Потоп», Манижамен дуэтпен айтылған композиция. Махаббатпен үміт оянады (немесе тіріледі, өйткені ол бірнеше ән бұрын қайтыс болды). Альбомның аяғында үміт беретін «Похороны войны».

Сонымен менің шолуым бітті, ал сіз не ойласыз? Сізге қандай трек ұнады? Бөлісіп, пікір жазыңыздар.
P.S. Шевчук "Ты не один" әнін қазақша айтқанын естідіңіз бе?