Көбінесе болашақ жұлдыздар мектепті жек көретін. Ал жасөспірім үшін сабақтан, ұстаздан және үй тапсырмасын істеу қызықсыз дүние жоқ. Осы топтамада мектеп туралы және оқуға арналған қандай әндер бар екенін еске түсірейік. Elvis Presley - «Steadfast Loyal and True» Топтамамызды рок-н-ролл патшасы Элвис Пресли бастайды. Ол үшін мектеп сахнасы әлемдік даңққа жету жолындағы бірінші шыңы болды. Бұл оқиға мектептегі дарындар байқауында болды. «Ол тақтаға гитарамен шығып, бастапқы аккордтарды тартқан кезде, мектеп оқушылары кенет тынышталып, оның әуенінің ырғағымен биле бастады, - деп есіне алады Элвистің мұғалімдерінің бірі. - Ол ән айтып болған кезде, үнсіздік орнап, кейін бәрі ду қол шапалақтады». «Steadfast Loyal and True» әні мектеппен қоштасу туралы, оралмайтын кез туралы әуен. «Қош бол, альма матер, біз сені еске алып отырамыз, сенің нұрың бізге әрқашан жол көрсетеді». Amre - «Кластастар» Келесі ән Ернар Садырбаевтің «Кластастар» әні. Ернар көпшілікке AMRE деген лақап атпен танылған, ос