Найти в Дзене
Rok Tolqyn

Тамыз айында шыққан бейнебаяндар

Міне жаз да өтті де кетті. Жаздың соңғы айы басында ыстық болып, соңына қарай күз сияқты болып кетті. Иә, алдымызда күз, сондықтан осы топтамада жаздың соңғы айда шыққан бірнеше бейнебаянды көріп тамашалап, ыстық күндерді еске алайық. RaiM мен Ерке - «Бұл махаббат» Қазақстандық белгілі әртістер, RaiM мен Ерке, жуырда жаңа ән мен бейнежазбасын жариялады. Композиция өте әдемі, өздерінің махаббаты туралы. Green Day - «Basket Case (4-Track Demo)» Ал американдық музыкаға келсек, аңызға айналған панктер өздерінің «Basket Case» трегінің демо нұсқасын жариялаған. Бұл нұсқасы дайындалып жатқан «Dookie 30 Super Deluxe Edition» альбомына кіреді. Ногу Свело! - «Украïна» Макс Покровский Украинада болып жатқан соғысқа қарсы бірнеше ән шығарған, мысалы осындай немесе осындай. Өткен айда да ол «Украина» композициясын украин тілінде жазып бейнебаян шығарған. Udit Narayan, Aditya Narayan & Mithoon - «Main Nikla Gaddi Leke» Тағы бір отбасылық бейнежазба. Бұлар кім екенін мүлдем білмеймін, бірақ осы жазба
Оглавление
Фото Wendy Wei: pexels.com
Фото Wendy Wei: pexels.com

Міне жаз да өтті де кетті. Жаздың соңғы айы басында ыстық болып, соңына қарай күз сияқты болып кетті. Иә, алдымызда күз, сондықтан осы топтамада жаздың соңғы айда шыққан бірнеше бейнебаянды көріп тамашалап, ыстық күндерді еске алайық.

RaiM мен Ерке - «Бұл махаббат»

Қазақстандық белгілі әртістер, RaiM мен Ерке, жуырда жаңа ән мен бейнежазбасын жариялады. Композиция өте әдемі, өздерінің махаббаты туралы.

Green Day - «Basket Case (4-Track Demo)»

Ал американдық музыкаға келсек, аңызға айналған панктер өздерінің «Basket Case» трегінің демо нұсқасын жариялаған. Бұл нұсқасы дайындалып жатқан «Dookie 30 Super Deluxe Edition» альбомына кіреді.

Ногу Свело! - «Украïна»

Макс Покровский Украинада болып жатқан соғысқа қарсы бірнеше ән шығарған, мысалы осындай немесе осындай. Өткен айда да ол «Украина» композициясын украин тілінде жазып бейнебаян шығарған.

Udit Narayan, Aditya Narayan & Mithoon - «Main Nikla Gaddi Leke»

Тағы бір отбасылық бейнежазба. Бұлар кім екенін мүлдем білмеймін, бірақ осы жазба тамызда шығып 80 000 000 астан көрілім жинаған екен. Бұл жаман емес жетістік сияқты, сондықтан өзім тыңдап, сіздерге ұсынып отрымын. Ұнады ма ұнамады ма пікірлеріңізді төменде жазыңыздар.

HINAYANA - «Reverse The Code»

Ал енді нағыз еркектерге арналған ән. Қалжың, әйел адамдар да ұнатар оны. Осындай ән жүгерген кезде немесе жаттығу істеген кезде тыңдасаңыз денеңізде адреналин толтыратын шығар.

Ал осымен топтамамыз бітті. Әрине тамыз айындағы әндер осымен ғана шектелмейді. Бірақ біздің жинағымызға бәрі бір симайды, бірақ төменде пікір жазсаңыз онда бәрі сияр. Сондықтан жаздың соңғы айында қандай музыка тыңдағаныңызды пікір қалдырып жазыңыз.