Психологиялық тұрғыда сау ұрпақты тәрбиелеу үшін қажетті факторлардың негізгісі – толыққанды отбасы. Ажырасқан жұптар санының артуы шешілуі қиын күрделі проблемаға айналып келе жатыр. Дәл осы пікірді QOGAM-MEDIA.KZ тілшісіне отандық психотерапевт, балалар психологы Әсел Асқарбекқызы жеткізді. Айтуынша, әр баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуі үшін қоғамда отбасы институтының мәртебесін арттыру қажет. «АХАЖ АЖ» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, соңғы он жылда ресми некесін бұзып, ажырасып жатқан отбасылар саны азаймай тұр. Мәселен, 2013 жылы 51 305 отбасы ажырасса, 2019 жылы 60 мыңға жуық жұп екі бөлек кеткен. 2022 жылы 128, 5 мың жұп некесін заңды тіркетіп, тағы 51 220 ажырасуға бел буған. Бұл дегеніңіз еліміздегі жылына әр 2000 жұптың біреуі ажырасады деген сөз. Ал Ұлттық статистика бюросындағы деректер бойынша 711 мың кәмелетке толмаған баланы тек анасы, 300 мың баланы тек әкесі жалғыз тәрбиелеп отыр. Балалар психологы Әсел Асқарбектің сөзінше, ажырасулардың артуы
«Бұлай жалғаса берсе, дерті асқынған, мүгедек қоғамға айналамыз»
26 июля 202326 июл 2023
1 мин