Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорын тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Мектеп басшылары конкурс негізінде жұмысқа орналасып, міндетті сертификаттау мен әңгімелесуден өтеді. Бұл ретте сертификаттаудан өту үшін тест тапсырмаларының санын 50-ден 48-ге дейін қысқарту жоспарланған.
Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын үміткерлер сертификаттаудан босатылады:
Президенттік кадр резервіне кірген адамдар;
Назарбаев Университетінің немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education университеттерінің әлемдік рейтингтері бойынша әлемнің үздік 100 университетінде, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингінде оқыған түлектер.
Конкурс қорытындысы бойынша бірінші басшы лауазымға бес жыл мерзімге тағайындалады. Бірақ, бір мектепте бес жылдан екі мер