Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qogam-media

Депутат: Қызылордадағы күріш өсірушілер суды үнемдеу үшін басқа дақылдарға көшуі керек

Қызылорда және Түркістан фермерлері 2023 жылы су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Бұған себеп Шардара суқоймасына судың қажетті мөлшерде келмеуі. Бұл туралы депутат Болатбек Әлиев мәлім етті. Депутат суды тиімді пайдалану үшін Қызылорда өңіріндегі күріш өсірушілер өзге дақылдарды өсіруге бет бұруы қажет деп есептейді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz. Аталған мәселені ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды. «Ұлттық экономика, АШМ және экология министрлігінде су тапшылығы жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы сараптама жоқ, тиісінше дұрыс стратегия да, басты басымдықтар да жоқ…(…).Мемлекеттік органдардың деректері бойынша 2023 жылдың сәуірінен 16 маусымға дейін 1,91 млрд м3 су Шардара суқоймасына келіп түсуі керек еді, алайда іс жүзінде 1,038 млрд м3 немесе аталған көрсеткіштің 54 пайызына тең су түскен. Яғни суқоймаға құйылатын су көлемі болжанған мөлшерден аз», – дейді ол. Әлиев мәселені шешудің бір жолы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің суды үнемдеуі екенін еске са

Қызылорда және Түркістан фермерлері 2023 жылы су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Бұған себеп Шардара суқоймасына судың қажетті мөлшерде келмеуі. Бұл туралы депутат Болатбек Әлиев мәлім етті. Депутат суды тиімді пайдалану үшін Қызылорда өңіріндегі күріш өсірушілер өзге дақылдарды өсіруге бет бұруы қажет деп есептейді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Аталған мәселені ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

«Ұлттық экономика, АШМ және экология министрлігінде су тапшылығы жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы сараптама жоқ, тиісінше дұрыс стратегия да, басты басымдықтар да жоқ…(…).Мемлекеттік органдардың деректері бойынша 2023 жылдың сәуірінен 16 маусымға дейін 1,91 млрд м3 су Шардара суқоймасына келіп түсуі керек еді, алайда іс жүзінде 1,038 млрд м3 немесе аталған көрсеткіштің 54 пайызына тең су түскен. Яғни суқоймаға құйылатын су көлемі болжанған мөлшерден аз», – дейді ол.

Әлиев мәселені шешудің бір жолы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің суды үнемдеуі екенін еске салды. Бұл ретте олардың көбі суды рациналды емес қолдануы өзне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне айтарлықтай зиянын тигізіп отырғанын айтты депутат. Дәлірек айтқанда, Әлиев 90 пайызы Қызылорда облысында орналасқан күріш өндірушілері суды дұрыс пайдаланбайды деп наразылық білдірді.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews