Найти тему
Biz.kz

Қазақстанда агробанк ашыла ма?

Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаттары «Агробанк туралы» Заң жобасына бастамашы болды. Бұл құжатты дайындауға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының сарапшылары атсалысқан болатын. Жалпы, «Агробанк» не үшін қажет?

Парламентаризм институтының хабарлауынша, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың жай-күйіне қатысты сараптама қаржының ауыл шаруашылығы нысандарына жетуінде кедергілер көп екенін көрсетіп отыр. Осы орайда, сарапшылар аграрлық сектордың дамуын кешеуілдетіп отырған негізгі 4 себепті атап отыр. Ол:

  • Қаржыландырудың  жетпеуі;
  • Өтеу мерзімі ұзақ жобаларға банктердің несие бергісі келмеуі;
  • Салалық қиындықтарға қатысты сақтандыру құралдарының жетіспеуі;
  • Аграршылардың қаржылық сауатының жетімсіздігі.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сияқты қаржы институттары ірі аграршылармен жұмыс істегенді жөн көреді.

Тәуекелдердің көптігіне байланысты банктер шағын шаруа қожалықтарын қаржыдандыруға құлықсыз. Өңірлік қолжетімділік те шектеулі.
Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме

#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz