Көкпарда көне көкбөрі культі бар «Жерінде – бабасының, төрінде – даласының, ежелден көкпар тартқан, мен қазақтың баласымын». Қазақ халқының ат спорты ойындарының ішіндегі ең танымалдарының бірі – көкпар. Ауыл баласына ат таңсық емес қой. Ауылда туған-туысы болмаса, қала баласы жылқыны тек теледидардан немесе арнайы қала шетінде орналасқан ипподромнан ғана көреді. Ал, Астана қаласының тұрғыны, көкпаршы, ұлттық спорт жанашыры Дәурен Наурызбаев болса, қалада туған ұлын кішкентай кезінен бастап ат спортына баулып жүр. Өйткені, қаны да жаны да қазақ деп соққан өзі сынды палуан болмаса да, елінің ертеңін ойлайтын, жүрегінің түгі бар, шымыр азамат болса дейді. «Жалпы қазаққа, қазақ баласы үшін көкпардың орны ерекше. Себебі, ол дәстүрдің жарқын жалғасы. Көкпар – ер жігітті шыңдайтын спорт. Кезінде текті қазақ майданға дайындықтың бір түрі ретінде осы көкпарды дамытқан. Бұл ойында көкбөрі культі бар.Екінің бірі көкпар шаба бермейді. «Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы ба