Найти в Дзене
Коммуналка.кз

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі іске қосылады

Қарапайым тілмен айтқанда, ресурстарды отандық өндірушілерден бір күн бұрын сатып алу көзделуде.

Вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін енгізу елдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу реттеуді талап ететін және электр энергетикасы саласын реформалау көзделген бірқатар мәселені шешуге бағытталған.

«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы саладағы қалыптасқан жағдайды, атап айтқанда, жүйедегі жоспарлы теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының болжамды тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын және генерациялаудың жаңа көздерін, оның ішінде ЖЭК салу жөніндегі жоспарларды ескере отырып енгізіледі», – деді вице-министр.

Бірыңғай сатып алушының ұсынылған моделі:

  • электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмайды;
  • өнімсіз делдалдарды қысқартады;
  • электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік графиктерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты графиктеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайтады;

жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және тапшылық кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын, жұмыс істеп тұрған станциялардың ағымдағы тарифтерін теңестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ болашақта өңірлер арасында электр энергиясының тарифтерін теңестіруді жүзеге асырады деп күтіліп отыр