Бұл мақала Хәрри Поттерді толықтай қазақшаға аударған «Steppe & World» баспа үйі көздеген мақсаттары жайлы,оның негізін қалаушысы әрі жетекшісі,кәсіпкер әйел Раиса Сайран Қадір және серіктес-қызметкері Назгүл Қожабек ханым туралы шағын мәліметпен бөлісуді көздейді.
«Steppe & World» баспа үйі жайлы жалпы ақпарат,сонымен аударылып басылған тұңғыш кітабы.
«Қалайша тәуелсіз елде,әлемнің жақсы кітаптары жоқ.Барлық елге барған кезде өз тілінде кітаптар шығып жатады.Содан кейін мүмкіндік бар екенін көріп ойладым да,мен жасайыншы дедім.»
— Раиса Сайран Қадір
Баспа — Раиса Қадір ханымның бастамасы,стартапы болып табылады.
Қазақстан телеарнасында «Әйел әлемі» бағдарламасына берген сұхбатына құлақ ассақ,баспа алдына қойып отырған басты мақсат,ол әлем әдебиетін,бестселлерлерді қазақ тіліне аударып,казақ оқырмандарын олармен таныстыруды көздейді.
Баспа үйі 2017 жылдан бастау алады.
Әлемге деген бірінші тәй-тәй "step".
Бастау жайлы айтсақ,баспаның тұңғыш басылып шыққан кітабі балаларға бағытталған Британ әдебиет жазушысы,суретші,драматург әйел,Джулия Дональдсонның «Ақын қоян» атты еңбегі еді.
Раиса ханымның сөзінше Джулия Дональдсон — кәзіргі заманның балалар әдебиетінің Шекспирі.
(Кітап аңдатпасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар)
Бірінші басылған кітап жайлы қызықты деректер:
- «Ақын қоян» кітапінің қазақша нұсқасы Қытайдың Гонконг қаласында басылды.
- Бұл балалар кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы Раиса ханымның кенжесімен бірге дүниеге келді.
Баспа негізін қалаушысы,қазақтың кітап нарығына, беймәлімділіктен,бұлт астынан шыққан күндей кездейсоқ пайда болған баспаның жетекшісі және қалаушысы Раиса Қадір ханым жайы не белгілі?
Раиса ханым көрші Монғолия қаласы,Ұланбатырда қазақ диаспорасында дүниеге келген.Бұл Раиса ханымның айтуы бойынша,әкесінің елші мамандығына байланысты болған.Төрт жасынан бастап,ғұмырында біраз жерде,біраз елде өмір сүріп,мәдениетін көріп үлгерді.Монғолия астанасы Ұланбатыр қаласы;Мысыр астанасы Каир қаласы;Түркия астанасы Анкара қаласы;Ұлыбритания астанасы Лондон қаласы;Нидерланд;Германия және тағы басқа жерлерде тұрған.
Оқып-тоқығаны да мол.Каирдағы Америка университетінде саясаттану және гуманитарлық бағыттар,Лондон университетінде шығыстану,Ерасмус университетінде қаржылық менеджмент саласы бойынша білім алған.
Алайда үйде,туыстарының арасында Раиса ханым үш балалы ана,келін және оқырман.
Қазақстанға келгенінде Раиса ханым неден таң қалды?
Айнель Әмірхан ханымның OY-DETOX подкаст форматындағы проектінің- «Қазақстанға ойланбастан көшіп келдік. 7 тіл білетін маманның тәжірибесі.» атты шығарылымының үзіндісінде Раиса ханым былай деді:
(Раиса ханым) -Мені келген екі мыңыншы жылдары болсын,тоқсаныншы жылдардың басы болсын адамдар қалалы жерлерде адамдар қазақша азырақ сөйлейді,сосын — менсінбеушілік деген көп болатын.Оны байқайтынбыз біз.
Ал осы жолы келгенде (2016 жыл) жастар,бәрі қазақша сөйлейді.Сондай сыпайы,орысша сөйлесе де бәрібір қазақшасын да біледі бәрі,керек десе ағылшынша да сөйлей салады.Білімді жастар көп екенін көрдік те,тұрмыс етуге болатынын,жақсы екенін,бөлек өзгеріп,прогресс жүріп жатқанын байқадық та,біз үшін,балаларымыз үшін жақсы жер екен дедік.
Сосын арасында күйеуім екеуміз Жамбыл атындағы филармонияға барамыз,сол жерде Отырар Сазының концертіне барып... Керемет әсер алдық,керемет.Бір толқып,күйеуім болды мен шештім,мен осында көшіп келемін деді.Сосын мен де келемін деп оны қолдайтынымды айттым.
Сөйтіп жүріп,туыстарды аралап қонақжайлықты да көрдік,Алматы,Астана қалаларын да көрдік.Байқасақ қайтатын да уақыт болып қалыпты.Қайтарда әрине сәлемдеме алғым келді ғой,сувенир болсын не болсын,балаларыма кітап алғым келді,достарыма да кітап алғым келді,қызық дүние бар деп.Кітап дүкендеріне кірсем,қазақша бір сапалы,жақсы,сондай өзіме көз тартымды кітаптар жоқ екен,яғыни менің іздеген кітаптарым.Әрине орысша бәрі бар,мен өзім орысша оқығандықтан өзіме орысша кітап сатып алдым.Дегенімен балаларыма біз диаспора ретінде Қазақстаннан алыс жүргендіктен қазақша кітап алғым келді.Өйткені тілін сақтап қалуымыз керек.Сөйтіп қарап едім... Кітап жоқ,салалық кітаптар да жоқ,тіпті мотивационный кітаптар да жоқ болды ол кезде.Заманауи қазақстанның авторлар орыс тілінде жазады екен.Сонымен болыпты деп өзіме ғана әлгі орыс тіліндегі кітапті алдым,дегенмен өзімді біртүрлі сезіндім,бұл шок сезімі негізінде... Қалайша тәуелсіз елде,әлемнің жақсы кітаптары жоқ.Барлық елге барған кезде өз тілінде кітаптар шығып жатады.Содан кейін мүмкіндік бар екенін көріп ойладым да,мен жасайыншы дедім.
Кітап баспасы - үкімет жұмысы ма? Әлде кез келген адам баспа әлеміне кіре алады ма?
Айнель Әмірхан ханымның OY-DETOX подкастынан тағы Раиса ханымның әңгімесінен тағы бір үзінді:
(Раиса ханым)- Маңайымдағы адамдардан,туыстарымнан сұрадым әрине,қазақ тіліндегі кітаптардың неге жоқтығын."Ой,мемлекет жасау керек қой.","Ол мемлекеттің ісі" дейді."Олар жасамайды" деп шыға келеді сосын.Ол жағынан келғенде,бойыма қоғами-белсенділік тән болғандықтан,қоғами-белсенділікті жақсы көргендіктен мен өзім жазайыншы деп ішкі бір жігер сезіндім.
(Айнел ханым) - Раиса,сөзіңізді бөлсем,жалпы осы салада сіздің қандай да бір мамандығыңыз бар ма? Бизнес-жоспар болды ма? Ниет болғаны енді көрініп тұр.Қаржы мәселесін,қандай қадамдар жасау керегін қалай жоспарладыңыз?
(Раиса ханым) - Негізінде Моңғолиядағы нарықты зерттедім.Өйткені ол жақта кітап баспа саласы жақсы дамыған.Мысалы ол жақта Америкада,Еуропада шыққан жаңа кітаптар,тура бір айдан кейін аударылып шығып жатады.Кейбір кезде бір уақытта шығады.Сондықтан кейін сол жақтағы таныстарымнан сұрай бастадым,мысалы мықты баспа үйінің бастық-басшылары бар,солардан сұрай бастадым.Солардың айтқаны сөзі Франкфуртке бар еді.Сол жерден біліп аласың,содан кейін тағы сұрақтарың болса,келіп бізден сұра деді.Содан кейін әрине сол жаққа барамын да,баспа үйлерімен әңгімелесе бастаймын,ақыл-кеңес сұраймын,жұмыс жалпы қалай жүреді,лицензияны қалай аламын,авторлық құқықты қалай аламын,қай жақта бастырамын,не болады деген сұрақтар болатын білмеген соң.Мықты ғой батыс адамдары,ақпаратпен бөлісу оларға үлкен мәселе емес,бөлісе салады,тұтас,түсінікті қылып айтып береді бәрін.Франкфуртте жүргенде яғыни бәрін сұрап алдым,өзімді таныстырдым.Қазақстанан құқық алатын баспалар аз екен,жоқ емес бар ғой,мысалы алдымызда "Фолиант баспасы","Алматы кітап","Атамұра",оларды жоқ деуге болмайды алайда аз.Сәл уақыт өте алғашқы кітабымызды бастырып шыга бастадық,сол Джулия Дональдсонның «Ақын қоян» кітабы еді,аудармасын жасаған сол Ғалым Боқаш аға.
Раиса ханнымен OY-DETOX подкастының толық шығарылымы:
Назгүл Қожабек ханым,«Steppe & World» баспасының редакторы,тілші,«Калькасыз қазақ тілі» телеграм арнасының авторы,Жоан Роулиңнің «Хәрри Поттер» романын қазақшалаған кәсіби редакторы жайлы қандай деректер білеміз?
"Бізде ата-ананың үлкен қорқынышы бар ғой,балам оқуға түсе алмай қалады деген.Содан әкем отырып,филология факультетіне сен жүз пайыз түсесің,басқа жаққа түсе алмай қалуың мүмкін балам;Ол кезде мен өзім он алтыға толмаған кезім,оң-солды білмеймін,әкем қайда бар дейді;Сол кезде филология факультетіне баршы,қазақ тілін жетістіріп алшы,одан кейін тағы басқасын көресін деді."
— Назгүл Қожабеқ ханым.
"findyourb" подкастына берген сұхбатынан үзінді.
Назгүл Қожабек ханым Алматы қаласының тумасы.Ол кісінің альма-матеры ол,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.Университетінде филология факультетінің әдеби шығармашылық бөлімінде "әдеби қызметкер және әдебиет оқытушысы" атты кәсібін игеріп,түлегі болып,әрі салыстырмалы әдебиеттану бағытынан филология магистрі атына ие болды.
Мансабында редакторлық қызмет,деректі фильмдер өндірісі және медиа саласындағы жұмыс та орын алды.
"Журналисттердің бәрі шетінен редактор болды.Кейін журналисттердің бәрі аудармашылықпен айналысты.Кәзір журналист міндетті түрде редактор деген сияқты,бірақ кітап редакторы — бұл мүлдем басқа дүние."
— Назгүл Қожабеқ ханым.
"findyourb" подкастына берген сұхбатынан үзінді.
Редакторлардың алуан түрі жайлы шағын ақпарат.
Назгүл ханым "findyourb" подкаст жобасына берген сұхбатында түр-түрі редакторлар бар екендігін айтты.Мысал қылып газет,теледидар,журнал және баспа редакторларын алып келді.Бұл төрт бағыт Назгүл ханымның айтуы бойынша төртеуі төрт бөлек дүние,яғыни мансабы жоғары,керемет газет редакторы міндетті түрде баспа саласында жақсы қызмет ете алады деген емес,тіпті жұмыс істей алмауы мүмкін.Бұлар әр түрлі сала болғанынан қызметкерден басқа машық талап етуі мүмкін дейді маман.
Назгүл ханыммен "findyourb" подкастының толық шығарылымы:
Мақала жазу кезінде пайдаланылған ресурстар,дереккөздер тізімі,және оларға гипперсілтемелер:
- Ainel Amirkhan (OY-DETOX) - Қазақстанға ойланбастан көшіп келдік. 7 тіл білетін маманның тәжірибесі.
- Atameken Business Programs / Атамекен Бизнес - «ХӘРРИ ПОТТЕР»: ХАЙП ПА, ӘЛДЕ БАСПА ІСІНДЕГІ PR-ТЕХНОЛОГИЯ МА? / EXCLUSIVE.
- Facebook - Steppe & WORLD Publishing.
- Facebook - Назгүл Қожабек.