«Жұбайларыңмен кездесесіңдер». 1938 жыл 6 қаңтар. Жұқа көйлек, әдемі әшекей тағынған, боянып-сыланған зиялы қауым өкілдерінің жұбайлары. Әсте, олар бірер сағаттан соң тағдырының быт-шыты шығып, қорлыққа толы күндер, мазасыз ұйқысыз түндер, мұңлы күлкісіз сәттер мен азапты жылдар басталатынын еш білмеген еді. «Біз тұрған жерде 1938 жылы 6 қаңтарда АЛЖИР лагері ашылған болатын. Бастапқыда ол 27 нүкте деп аталды. Бұл лагерьге 62 ұлттан 18 мыңға жуық әйел КСРО шешімімен әкелінген. Алғашқыда бұл жерде 3-4 барактар ғана болған. Кейін сол әйелдердің күшімен 30 барак тұрғызылған. Оларды аямай қара жұмысқа жеккен. Бұрын олар ең ауыры тек қалам көтерсе, осында келгеннен кейін нағыз азапты күндері басталады.Әйел-тұтқындар лагерьде ең қиын каторгалық жұмыстарды жасады: бақшалар мен алма бағына арықтарды, тоғанды қолдарымен қазды. Саман кірпіштер құйды, ферма салды, мал бақты, қысқы аяздарда отын үшін Жалаңаш көлінің жағасынан қамыс шапты. Лагерьдегі ерекше тәртіп, мардымсыз тамақ, кездесу мен хат