Кербұлақ ауданы Бостан ауданының 124 тұрғыны барлығы 2000 гектар жеріміз бір адамның қолында кетті, деп мәлімдеді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 16 жыл бұрын ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша жерін жеке қожалыққа өткізіп, сан соғып қалған, деп хабарлайды Аgroqogam.kz тілшісі. Аталған мәселені облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа ауыл тұрғыны Қайрат Ошақбаев жеткізді. Сөзінше, ауыл халқының жері өзге біреудің қолына өтіп кетіп, күресіп жүргеніне де біршама жыл болған. Алайда Жоғарғы соттың шешімі жеке кәсіпкердің мүддесіне шешіліп, халық жерсіз қалды, дейді тұрғын. «124 адамның – алды 35 гектардан, соңы 7,1 гектарға дейін, барлығы 2000 гектар жері ЖШС иелігіне өткен. Ол кезде олар Назарбаевтың «Дамыған 50 мемлекетке кіру» жоспарына сай үлкен бағдарламамен келген. Сонымен барлығымыз өткіздік. Бірақ біз бір жылдан кейін жердің бәрі екі адамның жеке қожалығы екен, кейін түсініп қалдық. 16 жыл болды осының соңында жүрміз, бүтін ауылдың жерінің 50 пайызын бір адамның қалтасына салып оты
Кербұлақ тұрғыны: бүтін ауылдың жерінің 50 пайызын бір адамның қалтасына салып отырмыз
26 мая 202326 мая 2023
1
1 мин