Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту басты назарда болуы тиіс. Себебі Қазақстан аграрлық мемлекет. Дегенмен мал шаруашылығына, ет өндіруге қаншалықты көңіл бөлінуде? Мал шаруашылығы тиісті деңгейде дамып жатыр ма? Бұл саланың экономикалық тиімділігін арттырудың қандай жолдары бар? Саладағы саяси тұрақсыздық ет бағасының шарықтауына алып келе ме? Сұрақ көп… Соңғы жылдары пандемия мен экспортқа шектеу енгізілуі салдарынан ішкі нарыққа қысым күшейіп, көтерме баға төмендеген. Саладағы кризис әрі қарай жалғасып жатыр. Экспорт жоқ, фермерлерден мал сатып алынбайды, мал басы азайып, фермерлер бұл бизнесті тиімсіз деп танып, бизнестен кете бастаған. Олар тиісті органдарға мәселені шешу тетіктерін ұсынғанмен мемлекеттен айтарлықтай қолдау жоқ. Фермерлер субсидиясыз жұмыс істеуге, саланы дамытуға дайын. Егер мемлекет тарапынан импорт пен экспорт саясаты бір жолға қойылып, экспорт пен валюталық түсім тұрақты болса. Мемлекет үшін экономикалық, әлеуметтік маңызы зор бұл мәселелер туралы Agro