Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Biz.kz

ҚР ПІБ басшысы А. Дәдебаев Бурабай инфрақұрылымында қандай өзгерістер болатынын айтты

ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инфрақұрылымында қандай өзгерістер болатыны туралы айтты. – Былтыр курорттық аймаққа 711 мыңнан астам адам келді. Бұл тек ұлттық парктің бақылау-өткізу бекетінен өткендердің саны. Ал биылғы көрсеткіш былтырғыдан кем түспейді деп межеленіп отыр. Әрине, туризмді дамытып жатқан өңірге демалушылардың көп келгені жақсы. Дегенмен, ұлттық парк үшін бұл біршама жүк екенін де ескерген жөн. Сондықтан «Бурабай Даму» кәсіпорны мен «Бурабай» ұлттық паркі белсеніп жұмыс істеуі керек. Бұл, әсіресе, өрт қауіпсіздігі мен қорықты қорғауға қатысты, – деді ол.
А. Дәдебаевтың айтуынша, өртті дер кезінде анықтап, тез арада ауыздықтауда «Smart National Park Burabay» смарт-жүйесі өз тиімділігін көрсеткен. Мәселен, былтыр 21 өрт оқиғасы тіркеліп, жалын шарпыған жер көлемі 1,3 гектармен шектеліпті. Осылайша, тілсіз жаудың таралу аумағы 2021 жылмен салыстырғанда 8,6 есе азайған.
Продолжение у

ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инфрақұрылымында қандай өзгерістер болатыны туралы айтты.

– Былтыр курорттық аймаққа 711 мыңнан астам адам келді. Бұл тек ұлттық парктің бақылау-өткізу бекетінен өткендердің саны. Ал биылғы көрсеткіш былтырғыдан кем түспейді деп межеленіп отыр. Әрине, туризмді дамытып жатқан өңірге демалушылардың көп келгені жақсы. Дегенмен, ұлттық парк үшін бұл біршама жүк екенін де ескерген жөн. Сондықтан «Бурабай Даму» кәсіпорны мен «Бурабай» ұлттық паркі белсеніп жұмыс істеуі керек. Бұл, әсіресе, өрт қауіпсіздігі мен қорықты қорғауға қатысты, – деді ол.

А. Дәдебаевтың айтуынша, өртті дер кезінде анықтап, тез арада ауыздықтауда «Smart National Park Burabay» смарт-жүйесі өз тиімділігін көрсеткен. Мәселен, былтыр 21 өрт оқиғасы тіркеліп, жалын шарпыған жер көлемі 1,3 гектармен шектеліпті. Осылайша, тілсіз жаудың таралу аумағы 2021 жылмен салыстырғанда 8,6 есе азайған.

Продолжение у нас на сайте

#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz