Астанада фермерлер мал шаруашылығын субсидиялау бойынша өзгерістерге қарсы шықты, деп хабарлайды Аgroqoqam.kz тілшісі. Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған фермерлер агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жаңа ережелеріне қатысты наразылығын білдірді. Шаруалардың айтуынша, аталған өзгерістер елдегі ет шаруашылығын тұралатып, 20 мыңнан астам шаруашылыққа кесірін тигізбек. Фермерлер қатысқан баспасөз мәслихатында шаруалардың келісімінсіз іске асырылып жатқан жаңа өзгерістердің салдары қандай болатыны сөз болды. Жанайқайын жеткізген отандық аграрийлер етті мал шаруашылығын қаржыландыруды 32,5 млрд теңгеге қысқарту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне де орасан зор кесірін тигізетінін ашып айтты. Әсіресе, жайылымдық жерлерде құдық қазу, вагондарға ақша төлеу, асыл тұқымды бұқаларды жалға алуға берілетін субсидияларды алып тастау бұл саладағы жағдайды ушықтыра түседі дейді спикерлер. Герефорд тұқымының республикалық палатасының директоры Ерлан Өмірзақов жаңа өзгерістер етті мал