Найти в Дзене
Biz.kz

Президент Іс Басқармасында «Бірыңғай кадр жүйесі» іске қосылды

ҚР Президенті Іс Басқармасында жүзеге асырылған «Бірыңғай кадр жүйесінің» арқасында барлық ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың кадрлық жұмысы автоматтандырылып, ортақ стандарт жасалды. Бұл туралы Президенттің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осылай деді. – БКЖ кадрлық іс жүргізу, HR-процесс, еңбекақы төлеуді автоматтандыру, тұрғын үй қоры сынды 4 ішкі жүйеден тұрады. Персоналды іріктеуде меритократия қағидатының сақталуы мен HR-процестердің автоматтандырылуы сынды пайдалы жақтары көп. «Ақылды» жүйе бос лауазымға лайық үміткерді алдымен ведомстволық бағынысты ұйымның ішінен, содан кейін Президенттің Іс Басқармасы жүйесіндегі қызметкерлердің арасынан автоматты түрде өзі таңдайды. Содан кейін ғана басқа мекемелерден іздейді, – деп жазды А. Дәдебаев. Таңдау алгоритмінде негізгі 3 өлшем бар, ол – кандидаттың меңгерген машықтары, білімі және еңбек өтілі. Сондай-ақ, жүйе кандидаттың сол кәсіпорында ғана емес, бүкіл ПІБ жүйесінде істейтін барлық туыстарын көрсетіп, оғ

ҚР Президенті Іс Басқармасында жүзеге асырылған «Бірыңғай кадр жүйесінің» арқасында барлық ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың кадрлық жұмысы автоматтандырылып, ортақ стандарт жасалды. Бұл туралы Президенттің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осылай деді.

– БКЖ кадрлық іс жүргізу, HR-процесс, еңбекақы төлеуді автоматтандыру, тұрғын үй қоры сынды 4 ішкі жүйеден тұрады. Персоналды іріктеуде меритократия қағидатының сақталуы мен HR-процестердің автоматтандырылуы сынды пайдалы жақтары көп. «Ақылды» жүйе бос лауазымға лайық үміткерді алдымен ведомстволық бағынысты ұйымның ішінен, содан кейін Президенттің Іс Басқармасы жүйесіндегі қызметкерлердің арасынан автоматты түрде өзі таңдайды. Содан кейін ғана басқа мекемелерден іздейді, – деп жазды А. Дәдебаев.

Таңдау алгоритмінде негізгі 3 өлшем бар, ол – кандидаттың меңгерген машықтары, білімі және еңбек өтілі. Сондай-ақ, жүйе кандидаттың сол кәсіпорында ғана емес, бүкіл ПІБ жүйесінде істейтін барлық туыстарын көрсетіп, оған бұра тартуға жол бермейді. Қызметкердің тиісті лауазымға қаншалықты лайық екенін автоматты түрде саралап, кәсіпорын шеңберінде және бүкіл ПІБ жүйесі бойынша әділ баға береді. Ал бос орынға кандидаттың сәйкестік өлшемі шекті деңгейден артық, бірақ 100%-дан аз болса, онда жүйе қызметкерді оқытудың жалпы жоспарында ескерілетін жеке даму жоспарын құрып береді.

Продолжение у нас на сайте

#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz