Петропавлда «Агро Қызылжар 2023» көрмесі өтті. Іс-шараға Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларының және өңірдің компаниялары қатысты. Олар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге саланы цифрландыруға қажетті жабдықтар, ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек сынды өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Былтыр СҚ-да ауыл шаруашылығын дамытуға және тың жобаларды іске асыру үшін 15 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңірде сүт-тауарлы фермалар, бордақылау алаңдары, жылыжайлар салынды. Жылда өңір диқандары 4,2 млн гектарға егін ексе, соның 1 млн гектарына майлы дақыл сіңіріледі. «Агроөнеркәсіптік кешен бұл – өңір экономикасының негізі. Бұл сала жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін алады. Облыстың ауыл шаруашылығы саласында төрт мыңға жуық ауылшаруашылығы тауарын өндіруші жұмыс атқаруда. Бүгінгі көрме жұмысына сәттілік тілеймін», – деді өз сөзінде СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов. Көктемгі дала жұмыстарын және о