2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыссыз жүрген азаматтар жаңа кәсіп меңгере алады. Мәселен, өткен жылы Петропавл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 86 солтүстікқазақстандық жұмыс орнында оқытудан өтті. Соның 20-сы «Прогресс» тігін фабрикасында тігінші мамандығының қыр-сырын меңгерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Любовь Власова-Касимова мамандығы бойынша сатушы. Алайда немерелерін тәрбиелегендіктен жарты жылдай жұмыссыз отырған. Кейін жолдасымен ақылдасып жаңа кәсіп меңгермек болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, осы жерден «Прогрес» тігін фабрикасына оқуға жолдама алады. 4 ай ішінде Любовь тігінші кәсібінің қыр-сырын үйреніп, осы жерде еңбек ететін мамандардан тәлім алды. Курс аяқталған соң осы серіктестікке тұрақты жұмысқа орналасты. «Алғашында әрине қиын болды. Тігін ісі мен ойлағандай оңай емес екен. Дегенмен, осы жерде жұмыс істейтін білікті мамандар көрсетіп, білгендерін бізге үйретті. Бұ