Музыка шығарып лицензиялау Музыкаға қызығушылығың болса, жаңа музыка шығарып, лицензиялап, youtube premium немесе басқа платформаларда жариялауыңа болады. Біреу сенің музыкаңды қолданғанда сенде лицензия болғаны үшін сатып алып қолданады. Влог түсіру Влог деген видео форматындағы блог. Влогда күнделікті өміріңмен байланысты контент жасайсың, арасында рекламаларыңды қосасың. Жақсы жағы қымбат құралдар сатып алудың қажеті жоқ. Видео жасайтын қабілеттің де керегі жоқ. Тек керек болғаны камера, Интернет және күшті идея. Видео монтаждау Қосымша жұмыс ретінде ең оңай бастауға болатындардың бірі. Қымбат камера мен құралдар керек емес. Телефонның өзі жеткілікті. Маркетингке көп бас қатырудың қажеті жоқ, өйткені клиенттер өздері іздеп табады. СММ Әлеуметтік желілерді білесің, ал бизнес ретінде қарастырып көрдіңбе? Инфлюенсер болсаң да болмасаң да, әлеуметтік желіде ақша табуға болады. Сенің аудиторияңа өз қызметін немесе тауарын сатқысы келетіндерге серіктес болсаң болады. Тек контент жасағаның