Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогы өтті. Дәстүрлі жарысқа облыстың әр түкпірінен бас қосқан 100-ге жуық жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен облыс кубогында 11 мен 13 жас аралығындағы спортшылар қатысуда. Балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Дүбірлі доданың бір ерекшелігі – спортшылар командалық жүйе бойынша өзара мықтыны анықтайды. Облыс кубогында жеңіске жеткен құрама республикалық сайыста өңір намысын қорғамақ. «Жарыста жеңіске жеткен құрама облыс кубогын иеленеді. Мұнымен қоса, ел чемпионатына жолдама алады. Жалпы мұндай жарыстар жыл бойы өткізілмек. Басты мақсат – жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылыықтарын ояту», – дейді облыстық дене шынықтыру орталығы басшысының орыбасары Олжас Еркінұлы. Ең алғашқы болып боз кілемге Тимирязов ауданың намысын қорғап Әнуар Тілеуіп шықты. Спортшы 38 кг салмақта Есіл ауданының балу
СҚО-да жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогы өтті
14 апреля 202314 апр 2023
1 мин