Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Петропавлда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Облыс орталығында таза бейсенбі акциясы өтті. Экологиялық іс-шараға мемлекеттік мекемлер мамандары мен волонтер қатысып, халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Облыс орталығындағы тазалық акциясына, қалалық әкімдіктің мәліметінше, 250-ден астам адам қатысқан. Қолдарына сыпырғыш, күрек ұстаған тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер саябақтар, сквер мен ескерткіштердің маңын қоқыстан тазартты. Шаһардағы тазалық акциясына 10-ға жуық техника жұмылдырылған, 50-ге тарта ұжым ат салысты. Олар күнделікті жұмыстарынан бір сәт бас көтеріп, қаланың көркеюіне үлестерін қосты. Сондай-ақ, Петропавлдың шеткі аудандары да назардан тыс қалмады. Мұндағы заңсыз пайда болған қоқыс алаңдары тазартылып жатыр. «Бұндай экологиялық акциялар сенбі күндері де өткізіледі. Осы ретте қала тұрғындарын да аталмыш іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Әр адам қолына сыпырғыш не тырнауыш алып ауласын жинаса, қаламыз көркейе түседі»,-дейді Петроп

Облыс орталығында таза бейсенбі акциясы өтті. Экологиялық іс-шараға мемлекеттік мекемлер мамандары мен волонтер қатысып, халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы тазалық акциясына, қалалық әкімдіктің мәліметінше, 250-ден астам адам қатысқан. Қолдарына сыпырғыш, күрек ұстаған тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер саябақтар, сквер мен ескерткіштердің маңын қоқыстан тазартты. Шаһардағы тазалық акциясына 10-ға жуық техника жұмылдырылған, 50-ге тарта ұжым ат салысты. Олар күнделікті жұмыстарынан бір сәт бас көтеріп, қаланың көркеюіне үлестерін қосты. Сондай-ақ, Петропавлдың шеткі аудандары да назардан тыс қалмады. Мұндағы заңсыз пайда болған қоқыс алаңдары тазартылып жатыр.

«Бұндай экологиялық акциялар сенбі күндері де өткізіледі. Осы ретте қала тұрғындарын да аталмыш іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Әр адам қолына сыпырғыш не тырнауыш алып ауласын жинаса, қаламыз көркейе түседі»,-дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Жанель Бейсембаева.