Наурыз айының соңында Петропавл қаласында гір көтеруден ел чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 350-ге жуық спортшы қатысты. Дүбірлі додада 60 және одан жоғары жас тобында Уәлиханов ауданының тұрғыны Халит Сүлейменов те өнер көрсетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Халит Сүлейменов жастайынан спортқа жақын болған. Гір көтеруден бөлек, бір кездері күреспен де айналысыпты. Қолында арнайы дипломы болмаса да, ұлттық спортты дамыту үшін ауыл балаларын жаттықтырған. «Ауылда туып-өстім. Ал ауыл балаларының шымыр, шапшаң келетіні белгілі ғой. Сондықтан арнайы үйірмелер болмаса да, өзім жаттығып, гір көтеруден өтетін жарыстарға үнемі қатысып жүрдім. Жүлделі орындар да алатынмын. Тіпті, облыстық деңгейде өтетін додалардан да құр қол қайтпайтынмын. Кейін күреске ден қойдым. Сосын ауыл балаларына білгенімді үйреттім», – деп Халит Сүлейменов жастық шағын еске алды. Халит Қойшыбайұлын отбасы да қолдайды. Қазір екі баласы әке жолын қуып, спортпен айналы
60 жасар уәлихандық гір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды
13 апреля 202313 апр 2023
1 мин