Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында гинеколог-дәрігерлерге шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Оны Астана қаласынан келген жоғары санатты, гинеколог-эндоскопшылар қауымдастығының мүшесі Ғалымжан Тоқтарбеков өткізуде. Білікті маман облыс аудандарынан келген 18 гинеколог дәрігермен тәжірбие алмасып, гистероскопия әдісімен ота жасауды үйретті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Гистероскоп – микроскопиялық камерамен жабдықталған аспап. Бұл аспап миоматоздық түйінді жою, жатыр қуысы полиптерін алып тастау сияқты жатыр ішілік түрлі патологияларға шұғыл ем жүргізуге мүмкіндік береді. Дәрігерлердің сөзінше, бұрын миома ауруын емдеу үшін, әйелдердің жатырын толықтай алып тастаған екен. Енді бұл жаңартылған технологияның көмегімен жатырды сақтап қалуға болады. «Гистероскопияның ішіне тағы неше түрлі инструмент кіреді. Мысалы, гистерорезектоскоп деген инструмент бар. Оның ішінде кішкентай электр ілмек бар. Соның көмегімен жатырдағы миоманы кесіп, алып тастаймыз.
Петропавл дәрігерлеріне гинекологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдісі таныстырылыды
12 апреля 202312 апр 2023
1 мин