Kozybayev University Назарбаев университеті өткізген жобалар байқауына қатысып, 1 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды. ЖОО-ның аумағын көгалдандыруға бағытталған жоба аясында универсиет қызметкерлері дендробақ ашты. Бұл жерде жасыл желектің 50-ге жуық түрі өсірілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Қылқан жапырақты ағаштармен қатар бұл жерде жаңғақтардың түр-түрі, көкжидек және Солтүстік Америкада өсетін жасыл желектер егіледі. Қазіргі таңда дендробаққа жоспарланған 50-ге жуық ағаштың жартысы отырғызылды. Бұдан бөлек, университет аумағында 50-60 жылдан бері өсіп тұрған ағаштар тексеруден өтті. Көбінің жағдайы нашар дейді мамандар. Сол себепті болашақта шірігендерін кесіп алып тастау жоспарланған. Ал олардың орнына жасыл желектің жаңа түрлері егілмек. Ағаштар 10 жылда шамамен 100-120 см-ге дейін өседі. «Жоба бірнеше мақсатты көздейді. Біріншіден, университет кампусын көгалдандыру, жасыл желектердің санын көбейтіп, студенттерге білім алуға қолайлы орта жасау. Екіншісі, ғылыми тұ
Kozybayev University ұстаздары кампус аумағында дендробақ ашты
12 апреля 202312 апр 2023
1 мин