Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан экономикасының өсуі жеделдегенін айтты. Көрсеткіш биылғы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Әлихан Смайылов қазіргі уақытта ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шыққанын атап өтті. Сонымен қатар, әлемдегі санкциялық тексерістердің күшеюі, логистикалық тізбектердің бұзылуы, жоғары инфляция мен азық-түлік тауарларына бағаның өсуі жаһандық экономиканың баяулауына үлкен әсер етуде. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік инфляция болжамын 7%-ға дейін көтерді. Жаһандық экономиканың өсу болжамын керісінше 2,8%-ға дейін төмендетті. «Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құpaды. Елiмізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді. Нeгізгі