Әскерден қашып, Ресей Федерациясына кетіп қалған азаматтарға 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Не болмағанда 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген теріскейліктерге қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев әскерге шақырылғандардың Ресейге жиі кетіп қала беретін болғанын атап өтті. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, көрші елге кеткен азаматтардың 120-сы – ресейлік жоғары оқу орнының студенттері. «Қорғаныс министрлігі қазір осы бағытта жұмыс жүргізуде. Қолданыстағы заңнама бәріне бірдей. Егер негіздеме болса, олар кейінге қалдырылады. Ресейдегі азаматтар оралғаннан кейін не үшін кеткендері белгілі болады. Егер жөнсіз себеп айтса, әскерден қашқаны үшін жазаланады”, – деді Мақсат Қазиев. Заңнамаға сәйкес әскери қызметтен жалтарғаны үшін (ҚР ҚК 387-бабы) ҚК бойынша 1000 АЕК (3,45 млн теңге) айыппұл түрінде не сол мөлшерде т
Әскерден қашып, шетел асқан азаматтар 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін
18 апреля 202318 апр 2023
~1 мин