Бүгін өздерін Қазақстаннан тәуелсізбіз деп, бүлік шығарған топтың 3 белсендісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сепаратизмге күдіктілер 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Еске салсақ, үстіміздегі жылдың наурыз айында «Халық Кеңесі» тобының өткізген жиналысы әлеуметтік желіге тараған еді. Бұл хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары барысында наурыздың 19-ы күні 20 адамнан құралған топтың Солтүстік Қазақстан университетiнiң колледж ғимаратында жиналыс өткізгені белгілі болды. Оның ішінде біреуі – кәмелетке толмаған бала. Топ өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағынын iзбасарлары деп таныстырып, Қазақстаннан тәуелсіз екендерін айтты. Жиналыс барысында олар Қазакстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл каласының Халық Кеңесiн кұру туралы тiлектерiн бiлдiрген және «Сол