Қазіргі уақытта Петропавлда 5-тен 15 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік тілді үйрететін «Sana» дамыту орталығы жұмыс істеп тұр. Жетекшісі Клара Оразбекованың айтуынша, ұл-қыздардың тіл үйренуге деген құлшынысы айрықша. Ата-аналар балаларының әр курсты асыға күтетінін жасырмайды. Qazaqstan Media тілшісі Клара Мұқашқызымен сұхбаттасып, дамыту орталығының аяқ алысы туралы сұрады. Клара Оразбекова оңтүстік өлкенің тумасы. Мамандығы бойынша – бастауыш сынып мұғалімі. Бірнеше жыл бойы Алматы, Астана қалаларында оқушыларға тәлім-тәрбие беріп келген. Кейіннен, яғни 2016 жылы жолдасының қызметіне байланысты Петропавлға қоныс аударыпты. Үлкен ұлына қазақ тілінде білім беретін оқу техникасын іздеген. Алайда, барған жерінің бәрінде алдынан орысша кітаппен оқытатын орталықтар шыққан. «Біз таза қазақ тілді отбасымыз. Балам қазақ сыныбында оқып жүрген соң оның оқу қабілеттерін одан әрі оятатын орталыққа жібергім келді. Осы сәтте Петропавлда қазақстандық авторлық бағдарламамен білім беретін орталық
Балалардың қазақ тілін меңгеруге деген құштарлығы айрықша – Клара Оразбекова
17 апреля 202317 апр 2023
1 мин