Еліміздің білім беру мекемелерінде жұмыс істейтіндердің 80 пайызы әйелдер. Ал балабақшаларда болашақ ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген ер азаматтардың қатары тіптен аз. Көп көзі үйренбегеннен бе, әйтеуір ер тәрбиешілерді көргенде көбі тіксіне қарап жатады. Ал біздің кезекті кейіпкеріміз – Ерболат Жантасов 15 жылын балабақшадағы жұмысқа арнаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Петропавл тұрғыны Ерболат Жантасов мектепке дейінгі білім беру саласында 15 жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Ол – өңірде тәрбиеші болып жұмыс істейтін жалғыз ер адам. Негізгі мамандығы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Дипломы қолына тие сала ата-анасының жанына, ауылға келген. Мұндағы мектептерде орын болмаған соң, елді мекендегі балабақшаға жұмысқа тұрыпты. Кейіпкеріміз балалармен жұмыс істеудің аса қиын болмағанын, балғындармен тез тіл табысқанын айтады. Қазір ол балабақшаны меңгеріп отыр. «Еңбек жолымды енді бастағанда әр түрлі қызықты жағдайлар болды. Есімде қалғаны, бір ата-ана келіп мынау
СҚО-да балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін жалғыз ер адам бар
19 апреля 202319 апр 2023
2 мин