“Бастау бизнес” жобасы арқылы берілетін гранттың мөлшері 2 есеге өсті. Биыл оқыту курсынан өткен азаматтарға 1 млн 380 мың теңге беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. “Бастау Бизнес” жобасы жеке ісін ашамын деген жандарға кәсіптің қыр-сырын үйрететін жоба екенін білеміз. Еске салсақ, 2022 жылдан бері оқыту курстары онлайн-режимде өткізіліп келеді. Болашақ кәсіпкерлерден талап етілетіні: белгілі бір сала бойынша жоба дайындап, оны қорғап шығу. Егер бизнес-идея бақылаушылардың көңілінен шықса, қайтарымсыз грантқа ие болуға болады. Не болмаса несие де беріледі. “Үстіміздегі жылы грант мөлшері 1 млн 380 мың теңгені құрап отыр. Демек, қаржылай қолдау 2 есеге өскені байқалады. Берілген қаражатқа құс, мал немесе тұқым сатып алуға болады. Сонымен қатар, бизнеске керекті техника мен жалға алынған нысанның ақшасын төлеу мүмкіндігі қарастырылған”, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов. Айта кетерлік тағы бір жайт